Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАргентина мен Марокко жастар құрамалары футболдан әлем чемпионатының финалына шықты. Жарыс Чилиде өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жартылай финалда Аргентина құрамасы Колумбияны 1:0 есебімен жеңді. Ал Марокко құрамасы Франциядан пенальти сериясында 5:4 есебімен басым түсті (негізгі және қосымша уақыт – 1:1).
Финалдық матч Баку уақытымен 20 қазанға қараған түні өтеді. Ал 18 қазанда үшінші орын үшін Колумбия мен Франция құрамалары кездеседі. Екі ойын да Сантьяго қаласында өтеді.
Аргентина жастар құрамасы әлем чемпионаттарындағы жеңістер саны бойынша рекорд иесі – олар бұл атақты алты рет иеленген, соңғысы 2007 жылы. Франция құрамасы бұл турнирде 2013 жылы топ жарған. Ал Марокконың ең үздік нәтижесі – 2005 жылғы чемпионатта алған төртінші орын. 2023 жылы турнирдің жеңімпазы Уругвай құрамасы болған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді