19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова бүгін, 11 қаңтарда, 60 жасқа толған туған күнін тойлауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мақпал Жүнісованы түн жарымнан бастап жақындары, достары мен жанкүйерлері құттықтай бастаған. Ал Жанар есімді жанкүйері сүйікті әншісіне ерекше тосынсый жасаған. Ол ескі кадрлардан видео жасап, көпшілік назарына ұсынған. Кадрдан жап-жас Мақпал Жүнісованы, оның сұхбаттары мен сахнадағы өнерін көруге болады. Ал видео әншінің «Жылдар-жылдар» әнімен сүйемелденген.
Өнер иесі жанкүйеріне алғысын айтып, видеоны парақшасында бөлісті:
Жанар жанкүйерімнің құттықтау видеосына үлкен рақмет, Жанаржан, отбасыңмен ғұмырлы болыңыздар! – деп жазды Жүнісова.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары