Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға ренжіді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын атап өтіп, өнердегі әріптестерінің басын қосқан болатын. Сөз алған Роза Рымбаева қазақ эстрадасында «халық әртісі» атанған үш әйел екенін айтып, оның біріншісі – Нағима, екіншісі Мақпал дегенде, туған күн иесі «Мақпал халық әртісі емес» деп жауап берді.
Бұл сөзден кейін Мақпал Жүнісова өзінің әлеуметтік желідеге парақшасына:
Нағима әпше, ішіңіз күйсе тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін, – деп жазды.
Нағима Есқалиеваның сөзін қалжыңға балап, ренжімеуін сұраған желі қолданушыға:
Мен апамды жақсы білемін. Менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ. Талай жерде «Сен «халық әртісін» менен ерте алып қойдың» деп айта береді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін! Менімен қалжыңдайтын менің досым емес, құрбым емес. Әуелі Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан, – деп жазды өнер иесі.
Оқырмандар жылы сөзін арнап, өнер иесіне қолдау білдіріп жатыр.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады