19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Маңғыстаулық тұрғынның көлігінен 3 келіден астам бекіре тектес балықтың уылдырығы табылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маңғыстау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне Ж. есімді ер адамның бекіре тектес балықтың уылдырығын сатумен және сақтаумен айналысып жүргендігі жөнінде жедел ақпарат келіп түсті.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен бірлесе отырып, Мұнайлы ауданының Атамекен селосында Toyota Ipsum автокөлігінен алты пластикалық қорапқа салынған бекіре тектес балықтың уылдырығын анықтап, тәркіледі. Жалпы салмағы 3,1 келі.
Полиция қызметкерлері осы дерек бойынша 33 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданы полициясында СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген мәліметте.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары