Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін, 29 желтоқсан күні, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат - Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, оларға облыстық ауруханада тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.
Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді