Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМаңғыстаулық оқушылар 15–19 шілде аралығында Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында өткен «Жас жол инспекторларының» халықаралық слетінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Танымдық сайыста 7 елден барлығы 35 оқушы қатысқан. Слет аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мен насихаттауға арналған түрлі байқаулар, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтті. Қазақстан атынан қатысқан Ақтау қаласының «Жол сақшылары» жасағы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болған еді.
Жеңімпаз оқушылар арасында Айкөркем Тасхайрова (Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы), Анелья Азат (Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы), Ғизат Шахан (Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы), Жанель Сабитова (Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы), Арсен Ибадулла (Ақтау қаласы, №11 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы) сынды жас өрендер бар.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі