29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстау облысының фермерлері маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемді арзандатылған бағамен алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы АШМ мәлімдеді.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астық өңдеушілер одағы, облыстық әкімдік, «Каспий» ӘКК-нің жем-шөп жөніндегі операторлар тобымен келіссөздер барысында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді.
Мәселе Маңғыстаудың жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтары үшін кебек туралы болып отыр, оны Солтүстік Қазақстан облысының астық өңдеушілері бір келісін 65 теңгеден жеткізеді, ал нарықтағы бағасы келісіне 100 теңгеден сатылып жатыр.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін "BioOperations", "СевЕсильЗерно" және "Новоальжан комбинаты" ЖШС көрсетті Бұл ретте астық өңдеушілердің өздері мал азығын тасымалдауға жәрдемдесетін болады. Осылайша, өңірге жеткізуді ескере отырып, кебектің бағасы келісіне 75 теңгені құрайтын болады.
Айта кетейік, климаттың ерекшеліктеріне байланысты Маңғыстау өңірінде жыл сайын жемшөптің шамамен 10% жиналады, ал қалғаны басқа өңірлерден жеткізіледі. Қазіргі қысқы кезеңге қажеттілігі 78 мың тонна шөп пен 23,8 мың тонна жем болған кезде жоспардың 98,5% және 101,8% дайындалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек