Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері инсультке шалдыққан жаңа туған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниеге келгеніне 39 күн толмаған нәресте балалар ауруханасының реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізілген. Баланы толық зерттеп-қараған дәрігерлер «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагноз қойды.
13 қаңтарда нәресте «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагнозбен ауруханаға түсті. Дәрігерлер нәрестеден жедел субдуралдық гематома, сол жақ мидың ісінуі, инсультты анықтады. Шешім дереу қабылданып, шұғыл операция жасалды. 1 сағатқа созылған операция сәтті өтті, - деді нейрохирург-дәрігер Ербол Кенжебалов.
Миға операцияны балалар нейрохирургі Ербол Кенжебалов жасағанын айта кеткен жөн. Операциядан кейін 10 күн бойы реанимациядағы сәби реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Мереке Бекбаевтың, реаниматологтар Гулайым Джанованың, Амангелді Әшімханның, Елена Горбунованың бақылауында болды. Бала жасанды өкпе желдеткішіне қосылып, оған қан мен плазма енгізілді, емделді және тәулік бойы бақыланды.
Жағдай тұрақтанғаннан кейін бала палатаға орналастырылды. Жаңа туған нәресте анасымен бірге травматология бөлімінде емделуді жалғастырды. Жалпы жағдайды тұрақтандырғаннан кейін дәрігерлер баланы үйіне шығарды. Бүгінгі күні ол дәрігерінің бақылауында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?