20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстаулық дәрігерлер асқазан-ішек жолындағы қан кетуді заманауи эндоскопиялық әдіспен тоқтатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне шұғыл түрде 1963 жылы туған науқас келіп түсті. Кезекші хирург-дәрігерлер науқасқа диагностикалық видеодуоденоскопия арқылы белгісіз этиологиялы асқазан-ішек жолдарынан қан кетуді анықтады. Дәрігерлер жедел түрде заманауи эндоскопиялық әдіспен сәтті ота жасады.
Дәрігерлердің айтуынша, науқасқа 20 жыл бұрын 12 елі ішек жарасынан қан кетуге байланысты Бильрот-2 ашық (лапаротомдық доступ) операциясы жасалған.
Науқастан Бильрот -2 операциясынан кейінгі жағдай, асқазанның дистальды, сонымен қатар 12 елі ішек резекциясы мен анастомоз жалғанған аш ішектің әкелер-әкетер тұзақ тұсында жараның жалғасқан қан кету белгілері анықталды. Хирург және эндоскопист мамандардың консилиум өткізді. Нәтижесінде науқаста басынан өткізген операциялық араласумен, жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикалық ВЭГДС, гемостаз мақсатында оперативті эндоскопияға (аз-инвазивті хирургиялық араласу) көшу ұйғарылды. Осылайша, асқазан дистальды резекциясымен аш ішек анастомоз тұзағы бойындағы жарадағы жалғасқан қан кету тамырына 2-клипсы «Сlips hemostasis» (Эндостарс компаниясының) салынып, гемостаз жасалды. Замануи технологиялық әдістердің арқасында науқасқа күрделі ашық операциясы жасалған жоқ, - дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының эндоскопист-дәрігері Бауыржан Танауов.
Науқас хирургия бөлімінде консервативтік емін жалғастырды. Жағдайының тұрақталуына байланысты ауруханадан емдік ұсыныстар бойынша шығарылды.
Отаға эндоскопист Б. Танауов, хирург Қ. Қарынбаев, С. Кубланов, Е. Есекеев қатысты. Айта кетейік, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ал шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?