Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыс әкімінің сөзінше, мұнайға тәуелділіктен арылу үшін жаңа бағыттарды жүзеге асыру қажет. Маңғыстау облысының орналасқан жері қолайлы және еліміздегі теңіз қақпасы екенін ескеріп, логистиканы, инфрақұрылымды дамыта отырып, туризм, ауыл, балық шаруашылығын жандандырмақ ниетте.
Облысқа келетін туристердің саны да және туристік объектілердің көрсететін қызметтерінің көлемі де жылдан-жылға артып келе жатыр. 310 мың турист келді деп дерек беріп отырмыз. Десе де бұл біздің ресми қонақ үйлерде орналасқан туристер саны екенін ескеру керек. Мұның сыртында өзінің ағайын-туысына және ескертусіз келіп, пәтерлерді жалға алып, өздерінің демалыс орындарын ұйымдастыратын туристердің санын ескерсек, басқаша сан шығады, – дейді облыс әкімі.
Өткен жылы 4 жоба іске асып, жалпы құны 1 миллиард 100 мың теңгені құрады. Соның ішінде 80 жаңа жұмыс орны ашылған екен. Әкім бұл істің биыл да жалғасын табатынын айтты.
Биыл 76 миллиард теңгеге 130 жаңа жұмыс орнын ашатын екі жобаны және басқа да жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бүгін әуе және теміржолмен келетін жолаушылар саны да артып отыр, – дейді Нұрлан Ноғаев.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?