Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБелсендінің өліміне себеп - ұзаққа созылған күйзелістен болған инфаркт. Ниетбай Оразбаев соңғы кездері Алматыдағы қызының үйінде тұрған, оған себеп - Өзбекстанның арнайы қызметі оны Ақтаудағы үйінен алып кетеді деп қауіптенген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстаудағы қарақалпақ диаспорасының жетекшісін Қарақалпақстандағы көтерілістен соң Өзбекстан соты сырттай 12 жылға соттаған болатын. Соңғы бір жарым жыл ішінде Өзбекстан жағы Оразбаевты Қазақстан азаматтығынан айырып, Өзбекстанға экстрадация жасауға қол жеткізген еді.
“Өткен жылдың 1 желтоқсан күні Оразбаев Қазақстан азаматтығынан айырылғаны жөнінде хабарлама алды”, деген еді адам құқықтары жөніндегі Орта Азиялық “Мемориал” бағдарламасының директоры Виталий Пономарев. Азаматтығынан айырылғандығы туралы хабарлама Маңғыстау облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасынан келген. Ал Ақтаудағы өкілдік азаматтығы бойынша оның елшілікке жүгінбегенін мәлімдеді.
Ниетбай Оразбаев Қазақстанда 2004 жылдан бастап тұрады. Ақтаудағы “Аллаяр жолы” қарақалпақ этно-мәдени бірлестігін басқарған. Өзбекстан азаматтығынан 2017 жылы айырылғанымен, 2018, 2021 жылдары Өзбекстанға Қазақстан құжатымен еркін түрде барған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді