20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2023 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында 17 389 нәресте дүниеге келді. Соның ішінде облыстық «Ана мен бала» орталығында 7 543 бала туған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы 10 айдағы Маңғыстау облысы бойынша аналардың физиологиялық, асқынусыз босану көрсеткіші 18%-ды құрап отыр. Облыс аумағында жыл басынан бері тіркелген критикалық жағдайларда болған аналар саны 77 адам. Сондай-ақ, 10 ай ішінде Маңғыстау облысы бойынша 177 егіз, 3 үшем дүние есігін ашқан.
Орталықта мерзімінен бұрын туған нәрестелер саны 1 763 болса, оның ішінде дене салмағы 1 келіге дейін — 55 нәресте, 1.5 келіге дейін –65 нәресте дүниеге келген көрінеді.
Жалпы былтырмен салыстырғанда бала саны өскен. Өзге өңірлермен салыстырғанда Маңғыстау облысы алдыңғы қатарда келе жатыр. Бірақ, денсаулығы төмен науқас балалар да дүниеге келді. Тірі туғандардың ішінен 229 (қатаң есептегі - 53) бала туа біткен немесе көптеген ақауы бар және 15 бала хромосомалық аурумен дүниеге келді, - деді Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенова ханым.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?