Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысында жүкті әйелге пышақ жарақатын салған ер адамға қатысты үкім шығарылды. Сот үкімімен ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотта мәлім болғандай, биыл 13 шілдеде ер адам мас күйінде Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында орналасқан сауда орталығының алдында заңды некедегі әйелін өлтіру мақсатымен оның арқа, сан және кеуде тұсынан бірнеше рет ас үй пышағымен жарақат салған. Салдарынан әйелдің денсаулығына ауыр зиян келтірілді.
Айыпталушы әйелдің ауыр дене жарақаты салдарынан жерге құлап, дәрменсіз күйде болғанына қарамастан, басынан бірнеше рет теуіп күш көрсетуді тоқтатпаған.
Сотта айыпталушы жасаған әрекетіне шын ниетімен өкінетінін мәлімдеп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының кінәсі, жәбірленушінің және куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен дәлелденді.
Сот үкімімен күдікті ҚР Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?