Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысы Достық үйінде «Жомарт жан» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірдің Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мұндағы мақсат халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету болып отыр.
Іс-шарада меценаттарды «Жомарт жан» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен,«Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен және «Жыл тұлғасы – 2024», «Туған өлке – 2024»,«Жылдың үздік қамқоршысы – 2024», «Жыл меценаты – 2024», «Жылдың үздік ұйымы – 2024» номинациясы бойынша марапатталды.
Бүгінгі «Жомарт жан» сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймын. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой “Әлемді мейірімділік құтқарады” демекші, адамзат жан-жағына жанашырлықпен, мейірімділікпен және әлемге махаббатпен қараса адами қасиетті сақтайтыны анық. Ұйымдастырылған бүгінгі іс-шарада мейірімділік пен жанашырлық әлемді жақсы жаққа өзгертуге ұмтылған қайырымды жандар жиналды. Бұл адамдарды басқаларға көмектесуге, қиыншылыққа бей-жай қарамауға, басқалардың қайғы-қасіретін өздері сияқты қабылдауға деген шынайы ниет біріктіреді. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын халқымыз әрқашанда көмектерін аяған емес. Кең жүрек пен мейірімді жан қатарынан табылған марапатталушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі мол болсын,- деді Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әнуар Бимағанбет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?