29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМаңғыстауда жезөкшелікпен айналысқан 30-дан астам адам арнайы есепке алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында республикалық “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара аясында “Kyzdar.net” сайтына мониторинг жүргізу барысында Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысқан 35 азаматша анықталып, арнайы есепке қойылды. Оның ішінде үш әйел арнайы қабылдау-тарату орталығына орналастырылған.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерді тексеру кезінде, яғни жаңа туған сәбилерді сату, сауда құрбандарын пайдалану фактілерін анықтау негізінде адам саудасымен айналысқан 42 жастағы күдікті азамат ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен СДТБТ-ға тіркелді. Бұдан бөлек, азаматтың тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде есірткіге ұқсас затты сақтағаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек