Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМаңғыстауда магнитудасы 4,7 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:25-те тіркелді. Эпицентрі Форт-Шевченкодан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым және Шетпеден солтүстікке қарай 104 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 10 шақырым тереңдікте жатты, - делінген мәліметте.
Облыс тұрғындары жер сілкінісі сезілгенін әлеуметтік желіде жарыса жазды.
«Жер сілкінісі дүмпуін сезіндім. Сегізінші қабатта тұрамыз. Еден дірілдеп, жарық шамдары қозғалды», - деп жазады Ақтау қаласы шағын аудандарының бірінің тұрғыны Аманкелді Байзрахман.
Бұл жер сілкінісінен кейін өңірде ешқандай залал туралы ақпарат тіркелмеген.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер