28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАвтовоз көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, 2003, 2004 жылғы төрт адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнеу аудандық ауруханасы директорының орынбасары Әсия Шонтыбаева зардап шегушінің жағдайына тоқталды.
2004 жылы туылған науқас бас миының контузиясымен, жабық бассүйек-ми жарақатымен түсті. Сүйек сынықтарының ығысуымен сол жақтағы сан сүйегі диафизінің жабық сынуы, сол жақ білек сүйегінің екі сүйегінің ашық сынуы, өкпе контузиясы, бет жарасы бар. Науқаста травматикалық шок бар, - деді Әсия Шонтыбаева.
Айта кетейік, жол апаты 25 ақпан күні сағат 11:42 шамасында «Сай-Өтес-Бейнеу» тас жолының 383-ші шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, соқтығысқан. Салдарынан көлік отқа оранды
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?