Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікМаңғыстау облыстық білім басқармасының қызметкері, «Мұнайшы ауылының №7 орта мектеп» КММ директоры және «Қарақия аудандық білім бөлімінің білім үйлестіру орталығы» КММ директоры 1 және 5 жыл аралығында заңсыз жалақы алып келгені анықталды. Осылайша бюджеттің 20 млн теңгеге жуық қаражаты мұғалімдерге заңсыз аударылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Үш қызметкер өздерінің негізгі жұмыс орындары бола тұра Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Кешкі ауысымды мектеп» КММ-де қосымша тіркеліп, заңсыз еңбекақы алып жүрген. Маңғыстау облыстық білім басқармасының қызметкері математика пәнінен сабақ өтпесе де, 2022 жылдан бастап осы күнге дейін жалақы алып отырған.
Ал, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Мұнайшы ауылының №7 орта мектеп» КММ-нің директоры бола тұра, басқа білім беру ұйымында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен сабақ өтпесе де, 2020 жылдан бастап негізсіз жалақы алып жүрген. Сондай-ақ, «Қарақия аудандық білім бөлімінің білім үйлестіру орталығы» КММ директоры, «Кешкі ауысымдық мектеп» КММ-де «Қазақ тілі» пәнінен іс жүзінде дәріс өтпесе де, 2018 жылдан бастап жалақы түсіп тұрған.
Аудиторлық тексеру нәтижесінде заңсыз аударылған жалақылары бюджетке қайтарылып, үш мектеп директоры және білім басқармасының қызметкері өз еркімен жұмыстан кеткен. Ал Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамай бұл жағдайды растады.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді