Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтау қаласы мен Бейнеу ауылында 2024 жылдың көктемінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасына, барлау полкіне және материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасына шақырылған 700-ге жуық мерзімді қызметші Отанына адал болуға ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері әскери ант берген соң кіші мамандарды дайындау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кіріседі. Алты айдан соң олар артиллерист, танкист, байланысшы және атқыш әскери мамандығын игеріп шығады.
Салтанатты іс-шараларға Қарулы күштердің ардагерлері, атқарушы билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қонақ ретінде қатысты. 25744, 75488 және 99116 әскери бөлімдеріне әскери қызметшілердің барлығы екі мыңға жуық туыстары мен жақындары келді.
Қолбасшылық сарбаздардың туыстары үшін әскери бөлімдерге экскурсия ұйымдастырып, казармалар мен оқу сыныптарын, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсетті. Ата-аналар сарбаз асханаларында болып, тағамның сапасын бағалауға мүмкіндік алды.
Қуаныш пен Ұлан Манарбековтер Алматы облысынан шақырылған жастар. Отбасында ұлдарының бұл таңдауын түсіністікпен қабылдаған. Медициналық тексеру жарамды деп таныған соң ағайынды екеуі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасына бөлінген.
– Біз бұл күнді асыға күттік. Ант беру біз үшін өте маңызды сәт. Енді біз нағыз Отан қорғаушымыз. Әскери борышымызды абыроймен орындауға барымызды саламыз, – деді Қуаныш Манарбеков.
Дәстүр бойынша іс-шара сарбаздардың көрсетілімдерімен аяқталды. Олар қонақтарға бір айда игерген қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, қару-жарақпен саптық дайындық әдістерін көрсетті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?