Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамының қарсаңында Қарақия ауданы Құрық ауылындағы «М.Жолболдин» саябағында 50-ге жуық тал көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған көктемгі шараға аудан әкімі Сымбат Төретаев, аудандық мәслихат төрағасы, аудандық орталық мешіттің бас имамы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, құқық қорғау органдары, аудандағы барлық мекеме, кәсіпорын, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Ұлық мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Тал көшеттерін отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр. Еккен көшеттеріміз мәуелі бәйтерекке айналсын!, - деді аудан басшысы Сымбат Төретаев.
Айта кетейік, аудан аумағында тал көшеттерін отырғызу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?