20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПрокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде биыл мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Жалпы ауданы 81 мың гектарды құрайтын 94 жер учаскесі қайтарылған, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер бар.
Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген құны 2,6 млрд теңгені құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімі мемлекетке қайта өтті.
Сондай-ақ прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге OilRealEstate ЖШС-ға тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілді.
Жекелеген аудандарда шамамен 60-қа жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20% - дан аз).
Жауапты тұлғалардың учаскелерді уақытылы түгендемеуінен өңірдегі жер ресурстарының ұтымсыз және тиімсіз пайдаланылуына әкелген. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - делінген прокуратура мәліметінде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?