Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМаңғыстау облысында бірнеше ер адамның төбелесуі кезінде пышақ жарақатынан біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 желтоқсан күні сағат 05:20-да Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ақшымырау ауылының ауруханасынан дене жарақаттары бар екі науқас туралы ақпарат келіп түскен.
19 желтоқсанда сағат 02:35 шамасында Ақшымырау ауылында ер адамдар арасында жанжал болып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде, 32 жастағы ер адам үш адамға пышақпен дене жарақаттарын салған. Төбелес салдарынан 39 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Қалған екеуі ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша Маңғыстау ауданы Пб СДТБТ-де тіркеліп, Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?