30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМаңғыстау облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен пробация есебіндегі сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құзыретті органдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыс топтары құрылғаннан бастап 652 сотталғанның тұрғылықты мекен-жайларын аралау арқылы олардың тұрмыс-жағдайлары тексерілді. Нәтижесінде 39 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды, 8 сотталған оқуға жіберілді, 73 сотталғанға психологиялық көмек көрсетілді, 1 тұлға тұрғын үймен қамтамасыз етілді және 5 сотталған бейімдеу орталығына орналастырылды.
Әлеуметтік құқықтық көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен 57 сотталғанға бір жолғы жәрдемақылар берілді, қайта әлеуметтендіру ұйымдастыру үшін қаражат қарастырылуда.
Есептегі сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде белгісіз себептермен үйінде болмаған және өзге де бұзушылықтар жасағаны үшін 45 сотталғанға қатысты сотпен бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Бұған қоса, сотталғандардың қатысуымен 17 ашық сот процестері ұйымдастырылды.
Бүгінге олардың арасында қайта қылмыс жасау төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыстық прокуратураның қадағалауында.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды