20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨз әкесін стақанмен ұрып өлтірген Маңғыстау облысының тұрғыны он жылға сотталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр 25 маусымында сағат 23:30 шамасында сотталушы әкесімен алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжалдасып қалған.
Жанжал кезінде сотталушы шыны стақанмен әкесінің бетінен ұрып, кейін әр жерінен ұра берген. Алған жарақатынан әкесі көз жұмды.
Оқиғадан кейін күдікті жасырынып жүрген. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?