20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтау қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында оныншы мектеп пайдалануға берілді. Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, жаңа №34 жалпы орта білім беретін білім ошағы 1500 оқушыға арналған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, жаңа білім ошағының жұмысына сәттілік тіледі.
Бұл мектеп – мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған маңызды әлеуметтік нысан. Бала тәрбиесі – елдің болашағына салынған ең үлкен инвестиция. Сондықтан білім сапасы мен балалардың қауіпсіздігіне айрықша мән беруіміз қажет. Жаңа мектеп халықаралық стандарттарға сай бой көтеріп, дамыған елдердегі білім ордаларымен деңгейлес. Кеңес Одағынан кейінгі 15 мемлекеттің ішінде мұндай үлгідегі мектептерді салып жатқан тек Қазақстан. Бүгінде өзге елдер де біздің тәжірибемізге қызығушылық танытуда. Қазіргі басты басымдығымыз – білім мен денсаулық саласы. Бұл екі бағытқа мемлекет барынша қолдау көрсетіп келеді, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Жалпы аумағы 14 мың шаршы метрден асатын заманауи мектепте 67 пән кабинеті бар. Оның ішінде STEM, робототехника, дизайн және технология, музыка, тамақтану мәдениеті сияқты бағыттағы сыныптар оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін сенсорлық бөлме, инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті және арнайы жеделсаты орнатылған.
Оқушылардың қауіпсіздігі үшін нысан толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтылған, аумағында ойын және спорт алаңдары салынған.
Айта кетейік, бұған дейін өңірде «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 500 астам баланы біліммен қамтитын 9 мектеп ашылған болатын. Бұған қоса жыл аяғына дейін аталған жоба бойынша Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданында тағы үш жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?