Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваның концерті Мұнайлы ауданында жалғасты. Әншінің сахна төрінде жүргеніне 50 жыл толуына орай өткен ән кеші халықтың көңілінен шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әр айтқан әнімізге ыстық ықыласын, тілегін, ниетін білдірген көрерменімізге алғысым шексіз. Осы орайда маңғыстаулықтарды Амал мерекесімен құттықтаймын. Амал мерекесіне жылдан-жылға аман-есен жете берейік,- деді ҚР еңбек сіңірген өнер жұлдызы Роза Рымбаева.
Әрі қарай кешті Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев әсем әнімен әрледі. Әлидің орындауында «Мен қазақпын», «Бақытты қарсы алайық» атты әндері шырқалды. Сондай-ақ ол маңғыстаулық жұрттық ыстық ықыласы мен қошеметіне риза екенін жеткізді.
Кеш барысында аудан әкімінің орынбасары Сара Ноғайқызы өнерпаздарға алғыс білдіріп, гүл шоғын ұсынды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді