Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстауға биыл ел қазынасынан бөлінген қаржының 94,5 пайызы ғана игерілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жылдың аяқталуына үш айдың үстінде уақыт қалды. Бірақ жергілікті билік әлі 2,4 млрд теңге көлеміндегі қаржыны игермеген. Оның бірнеше себебін Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Светлана Нарешова мәлім етті.
Бюджет қаржысының игерілмеуінің негізгі себептері - атқарлыған жұмыстар үшін жұмыс актісінің уақытылы ұсынылмауы, төлемдердің нақты жүргізілген жұмыс көлеміне жүргізілуі. Мемлекеттік сатып алу қорытындыларының шағымдану және жекелеген жобалар бойынша жоба құнының өсуі. Бұлар негізінен инженерлік желілер құрылысына және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан қолданыстағы мектептерге қосымша құрылыс салу, автомобиль жолдарын салу, ауылдық клуб құрылыстары сияқты әлеуметтік нысандар. Жобалардың қымбаттауы бойынша қазіргі таңда салалық басқармалар мен сол жобалардың сметалық құжаттамаларына өзгерту енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Светлана Нарешова.
Ал басқа жобалар бойынша жылдың соңына дейін бөлінген қаржы игерілмек.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді