20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Олжас Бектенов Мұнайлы ауданынының Бесшоқы ауылында балалардың улануына байланысты денсаулық сақтау, оқу-ағарту министрлерін, Маңғыстау облысы әкімінің есептерін тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда 460 бала дәрігерлердің бақылауында, оның 83-і ауруханаға жатқызылды, 2 бала жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің барлығы, оның ішінде жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы тұрақты. Денсаулығының жақсаруына байланысты реанимацияда жатқан екі бала жалпы бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі уақытта ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тәулік бойы штаб жұмыс істейді.
Ауру ошағын оқшаулау және жою шараларын күшейту үшін өңірге «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының мамандары жіберілді.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған.
№8 мектепте тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кінәлілер жауапқа тартылады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?