Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстауда Наурыз мейрамы қарсаңында Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев аудан тұрғындарына 10 пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пәтерлер Маңғыстау ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан. Берілген жаңа пәтерлерде толықтай жөндеу жұмыстары өткізіліп, барлық коммуникация желілерімен толық қамтылған.
Аталған баспаналар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға, көп балалы отбасыларға беріліп отыр.
Барша баспана иелерін шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа құт, береке кірсін! Сіздер бұл күнді көп күттіңіздер! Наурыз Мейрамы құтты болсын, - деді аудан әкімі Ержан Күмісқалиев.
Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді жоспары әлі де жалғаспақ.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді