30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМұнайлы ауданында тұтас бір отбасының улану себебін анықтау үшін комиссия құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін, 2 наурыз күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасы мүшелерінің улану оқиғасы орын алды. Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден жеті адамды тапты, олардың бесеуі кәмелетке толмаған балалар. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды.
Маңғыстау облысы ТЖД-нің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан орын алған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды.
Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.
Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.
Аталған оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды