Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚұлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық ядролық орталығының Сейсмикалық бақылау деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың 10 сәуірінде Астана уақыты бойынша сағат 01:40-та (Гринвич уақытымен 9 сәуір, сағат 20:40-та) жер сілкінісі тіркелді.
Сілкініс эпицентрі Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Ал эпицентр Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылы маңында орналасқан. Эпицентр координаттары: 45.95° солтүстік ендік пен 54.28° шығыс бойлық. Жерасты дүмпуінің магнитудасы mb=4.3, энергетикалық класы К=9.1.
Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Жер сілкінісі жайлы қосымша мәліметтер нақтыланып жатыр.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер