Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысы Жетібай ауылында жер екіге бөлініп, үлкен сызат пайда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желіде таралған видеода жердегі сызаттың 2 шақырымға созылып жатқаны айтылған. Қарақиян ауданының әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Видеодағы жер Жетібай ауылындағы Асар кен орнының солтүстігінде орналасқан, “ГУ-28” деп аталады.
Қарақиян ауданының әкімдігі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ зардаптарының себептерін анықтау және зерделеу мақсатында тиісті мекемемен келісім-шарт жасау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Сонымен қатар, тұрғындар мен шаруа қожалық иелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қолдауымен жерді тегістеу үшін арнайы техникалар бөлу жұмыстары жүргізілуде, – делінген әкімдік хабарламасында.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді