Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтаудан 43 шақырым жерде орналасқан танымал жағажайлардың бірінде белгісіз адамдар жартастарды аэрозольді бояумен бояп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.
Табиғат аясында демалып қана қоймай, олар жартастың бетіне үлкен әріптермен «Үштаған» (Маңғыстау облысындағы ауыл атауы) деген жазу қалдырған. Сонымен қатар оқиға орнынан тасталған қоқыс қаптары да табылды — бұл қоршаған ортаға деген құрметтің жоқтығын көрсетеді, — делінген видео сипаттамасында.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды.
Облыстық полиция департаменті тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер