Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысында жалған дипломмен сабақ берген мұғалімдер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокуратура Маңғыстау облысының колледждерінде жалған дипломдармен жұмыс істеген қызметкерлерді анықтады. Жалған құжатты пайдаланылған 8 дерек анықталған, яғни Ақтау колледждерінде 5 оқытушы, Қарақия ауданында 3 оқытушы жұмыс істеген.
Прокурорлар барлық дерек бойынша соталды тергеп-тексеруді бастап, материалдарды одан әрі тергеу үшін полиция органдарына жолдаған.
Мысалы, құқықбұзушылардың бірі 2 жыл бойы Қарақия кәсіптік колледжінде жалған дипломмен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша оқытушының жұмысын атқарған.
Қарақия ауданының соты оған ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша 30 сағат қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындап, қылмыстық жауаптылыққа тартты.
Осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін сот сол колледждің тағы екі оқытушысына қатысты үкім шығарды, олар жұмыстан босатылды.
Төрт эпизод бойынша полиция органдарының соталды тергеп-тексеру жүргізген қылмыстық істері рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.
Бір дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді