Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысында ит талаған 2009 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында мектеп-гимназия оқушысына ит шабуыл жасады. Оқиға бүгін, 21 қаңтарда сағат 09:20 шамасында болды. Жәбірленуші қажетті көмек көрсету үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер 16 жастағы жасөспірімнің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Полиция қызметкерлері ит иесінің жеке басын анықтады. Оған қатысты "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 407-бабы ("жануарларды ұстау ережелерін бұзу") бойынша хаттама толтырылды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді