Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«ADILDIK JOLY» РҚБ филиалы Ақшұқыр ауылындағы Өнер мектебіне дайын ғимаратты сатып алу кезіндегі бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystautv.kz-ке сілтеме жасап.
Ғимаратты сатып алуға 145 миллион теңге жұмсалған көрінеді. Мониторинг жүргізу кезінде еріктілер ғимараттың техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес емес екеніне көз жеткізді. Техникалық талапта 32 кабинет болу керек деп көрсетілсе, сатып алынған ғимаратта 19 кабинет бар екен. Мектепте талап етілетін бес санитарлық тораптың біреуі жоқ болып шыққаны тағы бар. Нысан оқу жылының басында ашылғанымен, оның техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі еріктілерде күмән тудырып отыр.
Орталықтың жұмыс істеп бастағанына бір айдан асты. Онда 500-ге жуық бала қосымша білім алады. Мектепте өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген. Бірде-бір өрт дабылы датчигі орнатылмаған, өрт сөндіргіштер жоқ. Біз еріктілермен бірлесіп, мектеп өкілдерінің қатысуымен мониторинг жүргіздік. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу шартының талаптарында көрсетілген бірде-бір сәйкестік жоқ екеніне көз жеткіздік, - деп атап өтті «ADILDIK JOLY» РҚБ филиалының директоры Асқар Жақсыбаев.
Қоғамдық ұйымның мониторингі кезінде анықталған фактілерді растау кезінде жағдайға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті органдар араласуы мүмкін. Қазіргі уақытта аудиторлық тексеру тағайындалған екен.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?