10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысы аумағында 1 өңірлік табиғи «Қызылсай» паркі, 4 өңірлік табиғи қаумалдар «Жабайұшқан», «Манашы», «Тасорпа», «Адамтаста" арқарлар саны арта түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мемлекеттік табиғи қаумал – мемлекеттік табиғи – қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға арналған. Сондай-ақ, арнайы молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттемелі режимімен қорғалатын табиғи аумақ.
2023 жылдың 5-11 қазан аралығында санақ жүргізу кезінде мекемеге қарасты барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда «Охотзоопром» ӨБ РМҚК және Зоологиялық институтының қызметкерлерімен жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Аталған, санақтың нәтижесінде «Қызыл кітапқа» енген, жойылу қаупі бар тұяқты жабайы аңдардың санының, соның ішінде арқар санының өскені байқалды. Соңғы үш жыл бойынша өсім саны 18 пайызды құрайды.
2021 жылы арқарлар саны 861, 2022 жылы – 1026 болса, биыл 1059 басқа жетіп отыр. 2023 жылы қаумал аумақтары бойынша 42 бұлақ көздері ашылғанын да айта кетуіміз керек. Қолдан суару әдісімен құдық басына астау орнатылып, сырты қоршалды. Осыған сәйкес, рейдтік шаралар үздіксіз жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі бойынша бақылау күшейтіліп отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді