Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМемлекет басышысының тапсырмасы аясында Маңғыстау облыстық жедел-жәрдем станциясының құрылыс-жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров медициналық көмек станциясының құрылыс-жұмыстарына куә болды. Нысанның аяқталу мерзімі және сапасы туралы мәселелер талқыланды. Кездесуге облыстық құрылыс басқармасы мен облыстық жедел-жәрдем станциясының басшылығы да қатысты.
Бүгінде құрылыс жұмыстарының 65%-ы аяқталған. Құрылыс алаңында 103 маман еңбек етіп жатыр. Тараптар жаңа медициналық мекеменің заманауи стандарттарға сай болуын, қауіпсіздік пен санитарлық нормалардың толық сақталуын қамтамасыз ету қажет екендігін жеткізді.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы – өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын маңызды инфрақұрылымдық жоба. Бұл нысан денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттырады. Құрылыс жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, - деді МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді