18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Халықаралық конькишілер одағының (ISU) шешімімен Астана 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді.
Жарыс 2027 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтеді. Астанаға Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады. Турнирді өткізу Қазақстан үшін де, мәнерлеп сырғанаудың жаһандық дамуы үшін де маңызды оқиға болмақ.
ISU мәліметінше, бұл шешім Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығының қарқынды өсуінің жалғасы болды. Бұған 2026 жылдың ақпан айында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы үлкен әсер етті. Оның жетістігі елде бұл спорт түріне деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, жаңа буын спортшылар мен жанкүйерлерге шабыт берді.
Төрт құрлық чемпионаты Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан ең ірі турнир болмақ. Бұған дейін еліміз 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын және 2017 жылғы қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде қабылдаған болатын. Аталған жарыстардың бағдарламасына да мәнерлеп сырғанаудан бәсекелер енгізілген еді.
Біз Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл Орталық Азиядағы жанкүйерлер үшін әлемдік деңгейдегі жарысты өз көздерімен көріп, сүйікті спортшыларын қолдауға тамаша мүмкіндік. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығы жаңа деңгейге көтерілді және Астана спортшылар, жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар үшін тамаша алаң болатынына сенімдіміз. Қазақстан бұл турнирге өзіндік энергиясын, қонақжайлығын және өршіл мақсаттарын алып келетініне күмән жоқ, – деді ISU президенті Ким Джэ Ёль.
Төрт құрлық чемпионатының маңызы қандай?
Төрт құрлық чемпионаты (Four Continents Figure Skating Championships) – мәнерлеп сырғанаудан өтетін ең беделді халықаралық турнирлердің бірі. Оны жыл сайын Халықаралық конькишілер одағы ұйымдастырады. Турнир 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарысқа Азия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка және Океания елдерінің өкілдері қатысады. Байқағаныңыздай, турнирге еуропалық мәнерлеп сырғанаушылар қатыса алмайды.
Төрт құрлық чемпионаты – ISU-дың ресми чемпионаттарының бірі. Яғни бұл жай коммерциялық турнир немесе Гран-при кезеңі емес, чемпион атағы сарапқа салынатын жарыс. Оның мәртебесі Еуропа чемпионатымен бірдей деңгейде саналады. Турнир дәл осы мақсатта – еуропалық емес спортшыларға құрлықтық чемпионатта өнер көрсету мүмкіндігін беру үшін құрылған.
Мәнерлеп сырғанаудағы басты жарыстардың иерархиясы:
1. Қысқы Олимпиада ойындары
2. Әлем чемпионаты
3. Төрт құрлық чемпионаты және Еуропа чемпионаты
4. Гран-при финалы
5. Жекелеген Гран-при кезеңдері
Кейінгі жылдары бұл турнирдің деңгейі өте жоғары. Әсіресе, әйелдер және ерлер арасындағы жарыстарда Жапония, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея сияқты мәнерлеп сырғанаудың алпауыт елдері қатысады. Сондықтан кейбір дисциплиналарда Төрт құрлық чемпионатының бәсекесі Еуропа чемпионатынан да күшті болуы мүмкін деген пікірлер бар.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр