20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨскеменде «Mamma mia!» мюзиклінің премьерасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мюзиклде Швецияның «ABBA» тобының 22 хит әні шырқалды. Оның ішінде: «Dancing Queen», «Money Money Money», «Take a Chance on Me», «The Winner Takes It All» және «Mamma Mia» әндері бар. Спектакльдегі диалог ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған, ал ондағы хит әндер ағылшын тілінде түпнұсқада орындалды.
Музыкалық спектакльге Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлері, сондай-ақ облыстық филармонияның солистері, әртістері және бишілері қатысты. Дәстүрлі аспаптық бөлімді бас дирижер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер Александр Галсановтың жетекшілігімен облыс әкімінің симфониялық оркестрі орындады, - деді Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.
Айта кетейік, бұл мюзикл 1999 жылдан бері әлемнің 140-тан астам қаласында қойылған. Осы уақыт ішінде мюзиклді 27 миллионнан астам адам тамашалаған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?