Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтасы мен әжесінің қолында өскен Еркебұлан Дайыров "Алғашқы" бағдарламасында анасының арманын орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында актердің анасы жан сырын ақтарып, тұңғышын ата-енесіне бергенін айтты.
Мен босанбай тұрған кезде ата-енем "Егер біріншісі ұл болса, ол біздің бала болады. Ауызыңды ашпа" деп айтқан. Ауырсам да, күйзелісте болсам да білдіртпеймін. Бес жылдық кездесуімізде ауылға барғанда жаздық асханада шай ішіп отыр екен. Көзіме қарап отырды да, томпаңдап келді. Қарауға шыдамым жетпейді. Білдіртіп қоямын ба деп ойладым. Ата-енемнің де көңіліне қарап отырмын. Көзімді төмен салдым. Қасымда айналып жүрді де, алдыма келіп отыра қалды. Көкірегіме бірдеңе тірелгендей болды. Айтып жеткізе алмаймын. Бір күн бармыз, бір күн жоқпыз. Сол сөзді есту арман, - деді актердің анасы Нұржамал Алимова.
Сонымен қатар Еркебұлан Дайыровтың анасы ұлының аузынан "мама" деген сөзді естуді армандайтынын жеткізді.
Мен оған айта алмаймын. Бұл сөз жүрегінен шығуы керек қой. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Сол сөзді естіп кету – арман, - деді өнер иесінің анасы.
Осыдан кейін бағдарламада Еркебұлан Дайыров анасының арманын орындап, ұялы телефон арқылы алғаш рет анасына "Мама" деп тіл қатты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?