Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕнді президент Эмануэль Макрон жаңа премьер-министр іздеуі керек. Премьер-министр Мишель Барнье отставкаға кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барнье министрлер кабинетін небары 90 күн басқарды.
Бүгін премьер-министр Мишель Барнье Республика Президентіне өз үкіметінің отставкасы туралы өтінішін тапсырды, оны президент қабылдады, – деп хабарлады Елисей сарайы.
Еске салсақ, 4 желтоқсанда Францияның Ұлттық жиналысы Барнье үкіметіне сенімсіздік вотумын жариялаған болатын.
Барньені парламенттегі әсіре оңшылдар мен солшылдар бюджетті қатаң үнемдеу саясатын жүргізгені үшін биліктен тайдырды. Алайда Еуропа Одағы Франциядан қыруар қарызын азайту үшін шығындарды қысқартуды талап етіп отыр. Франция үкіметі парламенттің сенімсіздік вотумымен отставкаға кетіп отыр. Бұл жағдай 1962 жылдан бері алғаш рет орын алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді