20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘнші Әбдіжаппар Әлқожа жұбайын туған күнімен құттықтап, көлік сыйлады. Өнер иесі әйеліне алғаш рет осындай тосынсый жасағанын жасырмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында ғана "Бәйбіше" деген әнімен елдің талқысына түскен әнші Әбдіжаппар Әлқожа 9 жыл отасқан әйеліне алғаш рет көлік мінгізді.
Махаббатымның бәйбішесі, туған күнің құтты болсын. Үйленгенімізге 9 жыл болды. Тоғыз жылда сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап, жаныңда болмаппын. Осы жылы, осы жолы барынша қуантуға тырыстым. Сен менің жан дүниеме керексің, оригиналым, - деп жазды әнші.
Видеодан Әбдіжаппар Әлқожа мен достарының әншінің жұбайын күтіп алып, құшақ-құшақ гүл ұсынғанын байқауға болады. Осыдан соң әнші әйеліне көлікті сыйға тартады. Желі қолданушылары Әбдіжаппардың отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін жаудырды.
"Сен мықты әйелсің, оны елдің бәрі біледі, бұндай азаматтың жары болу өте қиын, бақытты бол, қарағаым", "Бақытты болыңыздар", "Төрт баланы дүниеге әкеліп, жұбайының еркелігін көтерген әйелге не сыйласа да жарасады", "Жұптарың жазылмасын", - деп жазды желідегілер.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?