29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыТәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, 60 келі салмақта сынға түскен Шамшадин жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен кездесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. 11 минутқа созылған қосымша уақытта қарсылас спортшы үш ескерту алып, жеңіс Мағжанға берілді.
Финалда Мағжан Шамшадин Тәжікстан құрамасының өкілі Мұхаммедсалех Куватовпен алтын үшін күреседі. Куватов жартылай финалда жапондық балуанды таза жеңген болатын.
Бүгін татамиге шыққан тағы да үш спортшымыз жарысты жүлдесіз аяқтап отыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек