19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «СЭ-ге» берген сұхбатында «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов құрама матчтарына қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Еуро-2024 аясында құрамамыз жақын күндері Сан-Марино мен Словения командаларымен ойнайды.
Алдағы ойындарда Бактиер болмайды. Қанша уақытқа екенін білмеймін. Дәрігерлер нақты уақытын айтпады, - деді Адиев.
Бұған дейін Түркия клубы Зайнутдиновке операция жасалғанын мәлімдеген. «Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды. Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті.
Қазақстан 17 қарашада Сан-Мариномен, ал 21 қарашада Словениямен ойнайды.
Қазақстан Н тобында 15 ұпаймен үшінші орында келеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары