7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Бүгін елімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бар.
Емтихан бүгін басталып, 8 желтоқсанға дейін жалғасады.
Шекті балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде онлайн-апелляция бере алады.
Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағдарламасына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант бөлінген.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?