Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Сынақ 23 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 28 қазанмен 10 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүзеге асырылған. Кешенді тестілеуге 11 мыңға жуық өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар.
Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұратынын атап өтті. Олар: шет тілі бойынша, оқуға дайындығын анықтауға арналған және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл.
Еске салсақ, биыл бейінді магистратураға түсу форматына өзгерістер енгізілді. Оған ниетті үміткерлер «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пәнбойынша кемінде 7 балды құрайды.
Тестіленуші апелляцияға техникалық себептер бойынша тестілеу барысында, тестілеу тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қаралады, одан соң сертификат оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Магистратурада оқу үшін қысқы қабылдауға 4 мыңнан астам грант бөлінген.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?