Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСенат брифингінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мобильдік операторлар тарифі бағасының қымбаттап жатқанына байланысты ойын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бізде тарифтік реттеу тетіктері жоқ. Операторларға ықпал ететін дайын құралымыз да жоқ, – деді Асхат Оразбек.
Сонымен қатар вице-министр байланыс пен интернет тарифтерінің өсуіне қатысты пікір білдірді.
Вице-министр ретінде емес, қарапайым адам ретінде айтайын. Маған осы елдің азаматы ретінде тарифтердің өсіп жатқаны ұнамайды. Сондықтан тарифтердің өсуіне қатысты халық наразылығын түсінемін. Бірақ, екінші жағынан, вице-министр ретінде операторлардың да өз уәждері бар екенін білемін. Сол себепті бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын, – дейді вице-министр.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді