22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПремьер-министр Әлихан Смайылов МАЭК-ке №3 энергоблокты жоспарланған күрделі жөндеу 2024 жылға ауыстырылғанын және №2 энергоблокты авариялық жөндеу жүргізілуде екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өткен аптада мен Маңғыстау облысында болып, МАЭК-те жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым. Өңір әкімдігі жөндеу жұмыстарының аяқталуын және энергия кешені жұмысының тұрақтылығын ерекше бақылауда ұстауы керек. Өңірлерде тиісті бақылауды жылу желілерін реконструкциялауды қамтамасыз ету қажет. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында, Шымкент қаласында жылу желілері бойынша жұмыстардың шамамен 70%-ы орындалды, – деді премьер-министр.
Сондай-ақ Абай, Атырау облыстарында және елордада бірқатар әлеуметтік нысанды дайындау жұмыстары аяқталмаған. Үкімет басшысы бұл жұмысты тездету керектігін айтты.
Бүгінгі таңда өңірлерде жоспарлы көрсеткіштердің 28% ғана көмір жинақталған. Өңірлердің коммуналдық кәсіпорындар мен тұрғындар үшін мазут пен көмір сатып алуын едәуір жандандыру қажет. Көлік министрлігі ҚТЖ-мен бірлесіп көмірді вагондармен тасымалдауды басым тәртіппен қамтамасыз етуі тиіс. Жоғарыда аталған барлық мәселені екі апта мерзімде шешу қажет. Роман Васильевич, бұл сұрақтарды үнемі бақылауда ұстаңыз, – деді Үкімет отырысында Әлихан Смайылов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев