Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова мамский әңгімеге берген сұхбатында өзінің қандай жар, қандай келін екенін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Одан қалды ол әнші аналардың өмірі қиын екенін айтты.
Әкесіне жақын, үнемі бірге жүреді. Бірақ сырын менімен бөліседі. Әнші қыздардың өмірі сырт өзге әдемі, қызық болып көрінуі мүмкін, бірақ ана ретінде бізге өте қиын, - дейді ол.
Әнші күйеуінің айтқанын орындайтынын, оның пікірін қатты құрметтейтінін алға тартты.
Мен Олжастың айтқанымен жүрмін. Басында қасымда ер адам болмасын деген. Бірақ режиссер ретінде оның мүмкін еместігін түсінді. Өйткені бейнебаян түсіргенде, фит жазғанда, онсыз болмайды. Ер адамның қасымда болуына рұқсат бергенімен, арақашықтықты сақтау керек деп талап қойды. Мен соның айтқанын шыққан емеспін, - деді әнші.
Мадинаның сөзіне қарағанда, жолдасы әніне қатысты ешқандай шектеу қоймайды.
«Аймала мені» деген әнім шықты. Оған керемет фотосессия жасадық. Кіммен фит жазу, образдарыма қатысты шектеу жоқ. Бейнебаянға түсетін әріптестерімді түгел біледі. Менің мінезімді де біледі. Бастысы, бір норма бар, сол нормадан шықпауға тырысып жүрмін, - дейді Сәдуақасова.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд